×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Моңғолия парламенті тарихында алғаш рет қазақ әйел депутат болды

04.07.2024, 11:55
Моңғолия парламенті тарихында алғаш рет қазақ әйел депутат болды
Коллаж: ulysmedia.kz

Моңғолия қазақтарының өкілі Сонгобайн Замира Моңғолияның Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты болып сайланды. Ол осы елдің парламентіне сайланған тұңғыш қазақ әйелі. Бұл туралы «Номер один» басылымы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонгобин Замира да 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі. Жаңа құжат бойынша елдегі депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлауда олардың үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сангобайн Замираның бес балалы ана екені белгілі. Сонымен бірге ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Экономист мамандығын алған ол ұзақ жылдар сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.

Айта кету керек, Моңғолиядағы 3,5 миллион халықтың 5 пайызы - қазақтар. Олар Моңғолияға 19 ғасырда Қытайдан қоныс аудара бастаған. 1930 жылы Моңғол Халық Республикасының билігі қазақтарға жеке аумақ беру туралы қаулы қабылдады. 1940 жылы Моңғолия қазақтарының басым бөлігі тұратын Баян-Өлгий деген жеке аймақ құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға 20 мыңнан астам қазақ отбасы қоныс аударды.