×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Айыппұл немесе кешірім қарастырылмайды»: Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты

05.07.2024, 14:30
«Айыппұл немесе кешірім қарастырылмайды»: Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты

Сот әнші Қайрат Нұртасты кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау жазасын тағайныдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сот барысында тараптар татуласқандықтан, іс тоқтатылды. Қайрат Айдарбеков ұшақ ішінде басқа жолаушылардың барын біліп, соған қарамастан, жаншал шығарған. Яғни, қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған. Бұзақылық бір жылдың ішінде қайтадан қайталанып отыр. Бұрын да айыпқа тартылған еді», – деді судья. 

Бұл бап бойынша 15-30 тәулік бойынша қамауға алу қарастырылған, бірақ Қайрат Нұртас өз кінәсін мойындағандықтан, ең төменгі жаза тағайындалған. Қайрат Нұртас жаза уақытын қысқартуды сұрады. Бірақ судья бұған дейін айыппұл тағайныдалғанын, оны дауламағандықтан, осы бапта қраастырылған іс-әрекетті қайталап отырғанын ескертті. 

«Айыппұл немесе кешірім беру қарастырылмайды», – деді судья. 

Әнші қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде Астана қаласындағы сотқа аппеляцияға жүгіне алады.

Естеріңізге сала кетсек, танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақта бүлік шығарып, қамауға алынған еді. Оған екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайталап жасалған ұсақ бұзақылық - хаттама толтырылған. 

Сот отырысында Қайрат Нұртас өзінің кінәсін мойындады, бірақ төбелесті өзі бастамағанын айтып, өзінің жәбірленуші екенін мәлімдеді.