×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрін жеңісімен құттықтады

05.07.2024, 21:45
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. 

Лейберолистер партиясының жетекшісі Кир Стармер Букингем сарайында Король Чарльз III-пен кездескеннен кейін ресми түрде Ұлыбритания премьер-министрі болды. 

Жаңа премьер 61 жаста, заңгер. Сайлау науқаны кезінде ол шекараны қорғауды күшейтуге, салықтарды азайтуға және ЕО-мен қарым-қатынасты жақсартуға уәде берді.

Алдыңғы премьер-Министр Риши Сунак партиясы мерзімінен бұрын сайлауда жеңіліп қалғаннан кейін отставкаға кетті.

Серіктес жаңалықтары