×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда сүйіктісін тұншықтырмақ болған адамға сот үкімі шықты

06.07.2024, 09:08
Павлодарда сүйіктісін тұншықтырмақ болған адамға сот үкімі шықты
Фото: Прима Медиа

Павлодарда жарты жыл кездесіп жүрген сүйіктісін тұншықтырмақ болған адамға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ауырлатушы жағдайларды, яғни, оның мас күйінде қылмыс жасағанын және жеке басының теріс сипаттамасын ескере отырып, Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігінде көзделген ең жоғары жаза - 2 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар қаласының №2 соты.

Олар жалдамалы пәтерде кездесу кезінде төбелесіп қалған. Ер адам сүйіктісінің басы мен денесіне қолымен және аяғымен бірнеше соққы жасап, содан кейін тұншықтырған.

Әйел ауруханаға жатқызылып, сол жерде полицияға арыз жазған. Ол жігіттің оны ұрып-соққанын және зорлағанын айтқан.  Қылмыстық іс зорлау және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру айыбы бойынша қаралды. Алайда, сараптамалардың теріс нәтижелері салдарынан зорлау фактісі расталмады.​​