×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгін Астана күні!

06.07.2024, 10:33
Бүгін Астана күні!
Gov.kz

Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бері еліміздің астанасы мәртебесіне ие.

Бұған дейін Қазақстан астанасы Алматы қаласы болып келген. Республиканың ресми орталығын ауыстыру туралы шешім елдегі өңірлік дамудың теңгерімін реттеуге және орталықты стратегиялық орналастыруға байланысты қабылданған болатын.

Содан бері еліміздің бас қаласы Орталық Азиядағы ең заманауи және қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың біріне айналды.
Көп ұзамай Астана халқының саны миллионнан асып мегаполис мәртебесін алды.

Бүгінде елода түрлі бағытта өтетін ірі халықаралық іс-шаралардың алаңына айналып, тәжірибесі толысқан. Әсіресе әлемдік саяси аренадағы салмақты саммиттер мен мемлекет басшыларының маңызды басқосулары жиі өтеді.

Әрине қаланың тарихы өзінің астана атануымен басталмайды, тереңде жатыр. 1830 жылы Ақмола бекінісі ретінде іргесі қаланған қала Целиноград және Ақмола деп аталған кезеңдерді қоса алғанда, бірнеше атау мен даму кезеңін бастан өткерді. 1998 жылы қалаға қазіргі Астана атауы берілді.

Жалпы Астана күнін мерекелеудің негізі 2006 жылы қаланып, содан бері 6 шілдеде жыл сайын тойланып келеді. Бұл күн бір жағынан ​​экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр.