×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Байден өзінің қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтады

06.07.2024, 12:35
euronews.com

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Филадельфиядағы WURD радиоарнасына берген сұхбатында өзінің алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын айтып, сөзінен жаңылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен бірінші вице-президент, бірінші қара әйел болғанымды мақтан тұтамын... және қара нәсілді президентпен бірге қызмет еткенімді мақтан тұтамын», деді ол Барак Обаманың билік етуі кезінде вице-президент болғанын меңзеп.

Сайлау штабының реакциясы

Байденнің сайлауалды штабының өкілі Аммар Мұса БАҚ-ты президенттің абайсызда орын алған қылығына назар аударғаны үшін сынады. The New York Times газетінің хабарлауынша, Мусса: «Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жерде абсурд шегінен өтіп кетті» деді.

Еске сала кетсек, бұған дейін алқабилер соты АҚШ президентінің ұлы Хантер Байденді атыс қаруын сатып алу кезінде есірткі пайдаланғаны туралы өтірік айтқаны үшін кінәлі деп тапқан болатын. Алқабилер соты үш сағат бойы ақылдасып, үш бап бойынша да айып таққан үкім шығарған еді.

Серіктес жаңалықтары