Ресми Ташкент өзге мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың қандайда бір бөлімшесін құруға және олардың ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжатта Өзбекстанда партиялардың қызметін жетілдіру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатқаны жазылған.Сондай-ақ ел аумағында шетелдік партиялардың қызметін реттеу қажет екені көрсетілген.
«Аталған «Саяси партиялар туралы» заңына енгізіліген өзгерістер шет мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың бөлімшелерін құруға және олардың қызметін жүзеге асыруына жол бермеуге бағытталған», - делінген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңның жаңа редакциясында.
Айта кетейік, бүгінде Өзбекстанда ресми тіркелген және жұмыс істеп келе жатқан 5 бес саяси партия бар. Олар – Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы, «Милли тикланиш» (Ұлттық жаңғыру) демократиялық партиясы, «Адолат» (Әділет) әлеуметтік-демократиялық партиясы, Халықтық-демократиялық партиясы мен Экологиялық партия.