×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Еуро-2024 жанжалы: Ердоған түрік футболшысына салынған тыйымға ашуланды

07.07.2024, 09:10
Еуро-2024 жанжалы: Ердоған түрік футболшысына салынған тыйымға ашуланды
Hendrik Schmidt / dpa / Global Look Press

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған УЕФА-ның Түркия ұлттық құрамасының қорғаушысы Мэри Демиралды қатарынан екі матчтан шеттету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulys Sport.

Ердоғанның сұрағы

“Немістердің жейдесіндегі қыран жайлы біреу бірнәрсе деді ме, ал француздардың кеудесіндегі әтеш жайлы кім сөз қылып жатыр?”

Түркия көшбасшысының ойынша, Демиралдың бұл қимылы саяси мәлімдеме емес, көңіл күйінің көрінісі болған. Ол сондай-ақ Түркия Сыртқы істер министрлігі дереу әрекет етіп, жағдайды талқылау үшін тиісті лауазымды адамдарды шақырғанын атап өтті.

Дисквалификацияның мәні

1/8 ойындарында Австрия қақпасына екі гол соққан Мэри Демирал өз голын бөрі бейнесінде тойлаған. Яғни ол саусақтарымен көпшілікке бөрінің мүсінін көрсеткен. Мұндай белгі ұлтшыл және радикалды көзқарастарымен танымал «Бозқұрт» (Сұр қасқырлар) ұйымымен байланысты. Германия билігі бұл топтың идеологиясын ұлтшыл-экстремистік, антисемиттік және нәсілшіл деп сипаттайды.

Осы әрекеті үшін УЕФА Демиралға екі ойынға тыйым салған. Соның салдарынан ол Нидерландымен болған ширек финал ойындарына қатыса алмады.