×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бала таяқ жеген лагерьдің директоры қызметінен кетті

07.07.2024, 14:20
Бала таяқ жеген лагерьдің директоры қызметінен кетті
Мой город

Батыс Қазақстан облысындағы «Атамекен» 10 жасар баланы қатарластары топтасып ұрып-соққан. Ал лагерьң директоры жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналистерге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Лаура Батырғалиева хабарлады. Оның айтуынша, тәлімгер де жұмысынан шығарылып, тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылған

“Балалардың өздерімен де, ата-аналарымен де сөйлесіп, жағдайды түсіндірдік”. дейді Л.Батырғалиева.

Қашан, қалай болған

Маусым айының басында он жасар бала әпкесімен бірге Орал қалалық білім бөлімі берген жолдамамен «Атамекен» лагеріне демалуға барған. Кейіннен белгілі болғандай, осы лагерьдегі бір топ бала жәбірленуші баланы ұрып-соққан.

Лагерьде ұялы телефон ұстауға тыйым салынғандықтан баланың әкесі оқиғадан дер кезінде хабардар болмаған. Тек 14 маусым күні қызы әкесіне телефон соғып, ағасының соққыға жығылғанын айта алды. Әкесі балаларды бірден лагерьден алып кеткен. Ал ертесі күні травматолог баланың денесіндегі көптеген көгеру іздерін анықтаған. Әкесі полицияға арыз жазған, бірақ оның айтуынша, іс алға жылжымаған. Адвокатқа хабарласқаннан кейін ғана қандай да құзырлы орган әрекет ете бастап, тек 26 маусымда сот-медициналық сараптамаға жолдама берілген.