×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ресейдің Киевке жіберген зымырандарының бірі балалар ауруханасына түсті

08.07.2024, 14:08
Ресейдің Киевке жіберген зымырандарының бірі балалар ауруханасына түсті
Коллаж: Ulysmedia

Ресей Киевке, бірнеше көршілес аймақтарға соңғы бір жылдағы ең ауқымды зымыран шабуылдарының бірін жасады. Нәтижесінде соққылардың бірі «Охматдет» ұлттық мамандандырылған балалар ауруханасының ғимаратына тиді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Киев қаласының әкімі Виталий Кличко Telegram-да, «Охматдет» директоры Владимир Жовнир «Украинская правда» басылымына берген түсініктемесінде балалар медициналық мекемесінің бір ғимаратына соққы тигенін растады.

Қазір онда ғимаратта болған барлық адамдарды эвакуациялау және көшіру ұйымдастырылып жатыр.​​ Куәгерлердің айтуынша, дәрігерлер бөлмесі мен токсикология бөліміне тікелей соққы түскенде, онда адамдар болған. Қазіргі уақытта кем дегенде 5 адамның қаза тапқаны хабарланып отыр, үйінділер астында қалған адамдар да бар.