×
$
454.46
527.72
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.46
527.72
5.25

Новороссийск қаласына жүздеген дрон шабуыл жасады: мұнай терминалынан өрт шықты

Бүгін, 17:20
Новороссийск қаласына жүздеген дрон шабуыл жасады: мұнай терминалынан өрт шықты
glavred.info

Новороссийск қаласы 9 қыркүйекке қараған түні жаппай дрон шабуылына ұшырады. Шабуылдардың бірі теңіз портындағы мазут терминалына жасалып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Шабуылдың нысаналары

Украина президенті Владимир Зеленский шабуылды растады. Оның айтуынша, нысанаға әскери-теңіз базасы, мұнай тиеуге пайдаланылатын терминал, әскери айлақтағы нысандар, кемелер және «Калибр» зымырандарын тасымалдаушы кемелер алынған.

Exilenova+ Telegram арнасы NASA FIRMS деректеріне сілтеме жасап, Новороссийск қаласында бірнеше өрт ошағы тіркелгенін хабарлады. Жергілікті тұрғындар түсірген кадрлардан да өрт болғанын көруге болады.

Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди шабуылдар Қара теңіздегі әскери кемелерге, соның ішінде зымыран тасығыштарға да жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Анапа ауданында Су-33 палубалық жойғышы, Ми-8 тікұшағы және екі радиолокациялық кешен зақымдалған.

Қаза тапқандар бар

Ресей билігі азаматтық нысандардың да зақымданғанын хабарлады. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевтің айтуынша, үш жеке үйге, бес көпқабатты үйге, православ шіркеуіне және балабақшаға зақым келген. Тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, төрт адам қаза тапқан, олардың арасында бала бар. Тағы 29 адам жарақат алған, үшеуінің жағдайы ауыр.

Қазақстан мұнайы үшін Новороссийскінің маңызы қандай?

Новороссийск Қазақстан мұнайын экспорттау үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстанның мұнай экспортының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр желісі консорциумының жүйесі арқылы Новороссийск маңындағы теңіз терминалына жеткізіледі. Сол жерде мұнай танкерлерге тиеліп, әлемдік нарықтарға жөнелтіледі.