×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы қайта сотталды

16.09.2021, 16:59
«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы қайта сотталды
фото: ашық дереккөзден

Аппеляция бұған дейін ақталып шыққан «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының экс-төрағасы Берік Шәріпті кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2021 жылғы 4 тамыздағы үкімімен «СҚ Фармация» ЖШС басқармасының экс-төрағасы Берік Шәріп қызметін асыра пайдалану (ҚР 361б. 4б. 3 т.) айыбы бойынша ақталып, оған қаруды заңсыз сақтағаны үшін (ҚР 287б. 2б.) айыппұл ғана салынған еді, дейді елорда соты.

Сот нені анықтады

Шәріп бір рет киюге арналған қорғаныс костюмдерін, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуда заң бұзушылықтар жасаған. Соның салдарынан арнайы костюмдер Қазақстанға жеткізілмеген. Бұл костюмдер жетіспеушілігін туғызып, медицина қызметкерлерінің коронавирусты жаппай жұқтыруына әкелген.

Аппеляция шешімі

Сот алқасы бірінші инстанциядағы сот шешімін негізсіз дей келе, Шәріпті қызметін асыра пайдаланғаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғанын ескеріп, бұны жазаны ауырлататын жағдай деп таныды.

Осыған байланысты Шәріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, бірден қамауға алынды. Бұған қоса ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.