×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Вьетнам холдингі Qazaq Air-ді қаншаға сатып алатыны айтылды

09.07.2024, 14:20
Вьетнам холдингі Qazaq Air-ді қаншаға сатып алатыны айтылды
Фото: Qazaq Air

Көлік министрі Марат Қарабаев вьетнамдық VietJet холдингіні қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясын сатып алатынын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘМІЛЕ ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ, ТАЛАП ҚАНДАЙ...

Qazaq Air-ді вьетнамдық VietJet компаниясына беру мәмілесі қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Келісімшарт отандық әуе тасымалдаушының барлық қарызын, яғни, 38 миллиард теңгені міндетті түрде төлеуді қарастырады. Сондай-ақ, вьетнамдықтар компанияға ел ішінде де, халықаралық бағыттарда да жұмыс істеуі тиіс кемінде 20 әуе кемесін тіркеуі керек.

“Инвестордың өзі 50-ге жуық әуе кемесін әкелуді жоспарлап отыр. Нарықта мықты ойыншы пайда болады, өйткені Scat пен Air Astana-да 54 ұшақтан бар екені белгілі. Бұл бәсекелестікке және әуе билеттерінің қолжетімділігіне әсер етеді. Мәмілені "Самұрық-Қазына" жүргізіп жатыр. Оның құны шамамен 2 миллиард теңге болады. Бұл өте жақсы мәміле, себебі қарыздың барлығын шетелдік компания толық өтейді, оның үстіне 5 жыл ішінде 50 ұшақ әкеледі. Бұл Қазақстанның авиация саласына айтарлықтай үлес қосады", - деді министр.

АҚТӨБЕ ҚЫТАЙ МЕН ВЬЕТНАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ  

Бұған дейін Қазақстанның бір әуежайын VietJet Air вьетнамдық инвесторына беру мәселесі талқыланы жатқаны айтылған еді. 

“VietJet Air-мен біз кең мүмкіндіктерді талқылап жатырмыз, яғни оны тек базалық әуежай болатын хаб қана емес, Қазақстанға келетін және басқа елдерге тасымалданатын жүк жеткізу орталығы ретінде пайдалануды жоспарлап жатырмыз. Яғни, айталық, Ақтөбе әуежайы болса, Ақтөбеге Қытайдан немесе Вьетнамнан ұшақтар келеді, жүкті қалдырады/алады, қосымша отын құяды және одан әрі Еуропаға ұшып кетеді", - деді Қарабаев.

Министрдің айтуынша, басымдық Ақтөбе әуежайына беріліп отырі, бірақ компания сонымен қатар Түркістан және Қызылорда әуежайларына да қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Qazaq Air Қазақстан нарығында 7% үлеске ие. Халықаралық бағыттардың ішінде Ресейдің екі қаласына ғана рейстері бар. Компания бес Bombardier DHC-8 ұшаққа иелік етеді. Былтыр тамызда  компанияның сатылымға шығарылғаны хабарланды.