Алайда, билікті сынау мемлекеттің рөлін жоққа шығаруға айналмауы керек, деп атап өтті мемлекеттік кеңесші, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
24.kz арнасына берген сұхбатында мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин белгілі бір мәселелерді ашық талқылау біздің саяси мәдениетіміздің бір бөлігіне айналғанын атап өтті.
Ол соңғы жылдардағы жетістік деп нақты плюрализмді атады. Кариннің айтуынша, реформалар мен заңнамаға енгізілген өзгерістердің арқасында плюрализм нақты формаларға ие болды және елде жалпы саяси және қоғамдық мәдениеттің бөлігі ретінде орнықты.
"Сондықтан бүгінде кез-келген азамат өз пікірін еркін білдіруге құқылы, біз оны күн сайын әлеуметтік желілерде көреміз. Нағыз плюрализмді орнату – бұл елде болған реформалар мен өзгерістердің басты жетістігі", - деп есептейді мемлекеттік кеңесші.
Бұл ретте Еран Қарин пікірталастардың дұрыс мәдениетін қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Ол еркін ашық пікірталас болған кезде сын айтылмаса болмайды дейді.
"Құр сынаудан пайда жоқ. Азаматтардың, ұйымдардың қандай да бір саладағы жағдайды немесе қандай да бір жағдайды сынға ала отырып, ақылға қонымды шаралар, сындарлы ұсыныс білдіруі, иә, мұндай сын пайдалы, өйткені, бірлесіп жұмыс істеуге шақыру ниеті бар және негізінен мемлекеттік органдар бұған кет әрі емес ", - деді мемлекеттік кеңесші.
Алайда, ол атап өткендей, билікті сынау мемлекеттің рөлін жоққа шығаруға айналмауы керек.