×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балалар Ұлтық қордан түскен 1,3 млн долларды жаратып үлгерді

11.07.2024, 15:00
Балалар Ұлтық қордан түскен 1,3 млн долларды жаратып үлгерді
Фото: liter.kz

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 1,3 млн долларын құрайтын 12 921 өтініш орындалып, өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БІЛІМ АҚЫСЫНА 600 МЫҢ ДОЛЛАР АУДАРЫЛДЫ

“Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 686 мыңдай АҚШ долларына 6 842 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін шамамен 610 мың АҚШ долларына 6 079 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында қалады”, – деп мәлімдеді БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

ЕҢ КӨП ӨТІНІШ БЕРГЕН ШЫМКЕНТ 

Тұрғын үйді жақсартуға берілген өтініш бойынша Шымкент қаласы (103,8 мың доллардан астам сомаға 1034 өтініш), екінші орында – Қызылорда облысы (83,6 мың доллардан астам сомаға 832 өтініш), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы ( 46,8 мың доллардан астам сомаға 466 өтініш орындалды) тұр. 

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдалану мына мақсаттарда алынды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру (660 мыңға жуық долларға 6582 өтініш), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 8,3 мыңдай долларға 83 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге -7,3 мың доллардан астам сомаға 73 өтініш орындалды. 

ШЕТ ЕЛДЕГІ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУГЕ 208 ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Білім алу ақысын төлеу мақсатында қабылданған өтініштер бойынша алғашқы үштікте мына өңірлер бар: Шымкент қаласы (96,2 мыңға жуық долларға 958 өтініш), Жетісу облысы (621 мыңдай долларға 621 өтініш), Жамбыл облысы (60,4 мыңдай долларға 603 өтініш). 

Бұл бағыт бойынша мына мақсаттар көрсетілген: Қазақстан аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін немесе толық көлемде бір мезгілде ақы төлеу (500,1 мыңнан астам долларға 4 986 өтініш), білім беру жинақтау қорын білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша (80,8 мыңдай долларға 805 өтініш) толықтыру, шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен немесе толық көлемде біржолғы ақы төлеу (20,8 мыңнан астам долларға 208 өтініш) болды. 

304 МЫҢ БАЛА 18-ГЕ ТОЛЫП КЕТТІ

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2024 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша - 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады. Бұлардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талап сомасы есептелген.  

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% мөлшері жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған балалар арасында бөлінеді. НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсарту және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалануға арналған және АҚШ долларында сақталады. Кәмелетке толған балалар нысаналы жинақтарды көрсетілген мақсаттарға пайдалана алады.