×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Төреғалиев Батыс Қазақстандағы жол мәселесін қалай шешіп жатыр?

11.07.2024, 15:07
Төреғалиев Батыс Қазақстандағы жол мәселесін қалай шешіп жатыр?

Батыс Қазақстан облысында жарты жылда 600 км жол жөнделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент автомобиль жолдарының құрылысын және жолдарды жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Әсіресе өңірлерде жол мәселесі өзекті.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының жолдары да жөндеуді қажет етеді. Осы ретте, өңірде жол мәселесі қалай шешіліп жатқанын тілшіміз зерделеп көрді.

БҚО-дағы автомобиль жолдарының үлесі

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 6 176 км, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 1 421 км, жергілікті маңызы бар автожолдар – 4 762 км.

Әкім жол мәселесін қалай шешіп жатыр?

Нариман Төреғалиев БҚО-ға әкім болып 2022 жылдың соңында – желтоқсан айында келді.

Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.

Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 км аяқталған болатын. Ал, Нариман Төреғалиев әкім болған бір жылдың ішінде, 2023 жылы сол жолдың 104 километрі салынып бітті. Ресми мәліметке сәйкес, қалған 16 км жолдың құрылысы осы жылы аяқталады.

Алдағы жоспар қандай?

2023 жылы салынған және жөнделген жолдар үлесі және 2024-ке жоспар 2023 жылы БҚО-да 562 км автомобиль жолдары жөнделді. 2024 жылы өңірде 576 км (оның 304,7 километрі жергілікті жолдар) қамтылады жоспарланған.

Бұл жұмыстарға 116 млрд.теңге бағытталды.

Шекаралас өңірлер

Биылғы жылы БҚО-дағы «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайхин» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автомобиль жолынның 2 учаскесін (0-36 км және 108-144 км) қайта жаңғыртуға биылғы жылға 15,6 млрд. теңге бөлінді (РБ).

Қалған 2 учаскесін (36-72 км және 72-108 км) қаржыландыру «КПО Б.В» компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылады (әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар есебінен).

Резюме

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстанға әкім болған 1 жыл 7 айдың ішінде 600 км-ге жуық жол жөндеуден өткен. Алдағы уақытта барлық жоспарлар іске асып, алдағы уақытта Батыс Қазақстандықтар жол мәселесінен қиындық көрмейді деген сенімдеміз.