×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Ақмола облысында жұмыс орнында төбелескен шенеуніктер жазаланды

12.07.2024, 14:23
Ақмола облысында жұмыс орнында төбелескен шенеуніктер жазаланды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары мен әкімдік аппаратының басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудан соты екеуі бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл деңгейде зиян тигізгенін хабарлады. 

Белгілі болғандай, олар мамыр айында жұмыс орнында сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Сараптама екеуінің бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян тигізгенін анықтады. 

Сотта екі тарап та кінәсін мойындаған жоқ. 

Сот екі шенеунікті айыпты деп танып, әрқайсысына 55 380 теңге айыппұл салды. 

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.