×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Ақтөбенің қаныпезер тұрғыны итті бауыздап жіберді

13.07.2024, 10:22
Ақтөбенің қаныпезер тұрғыны итті бауыздап жіберді
Ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының тұрғындары итке қастық жасаған қатыгез адамның әрекеттеріне шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгерлер журналистерге ер адамды 10 шілде күні Ақтөбеде қаласындағы Рысқұлов көшесі бойынан байқағанын жеткізген. Белгісіз адам итті үйге кіреберісте бауыздауға әрекет еткен.

Кейінірек ол өзінің пәтеріне кіріп, есікті жауып алған. Артынша оқиға орнына еріктілер мен полицейлер келген.

"Итті бауыздап жіберген адам пәтерге тығылып қалды. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан оны бермейтінін айтты. Бірақ ит көп қан жоғалтты, оған шұғыл көмек көрсету керек болды", - деді еріктілер.

Еріктілердің айтуынша, полиция қызметкерлері қансырап жатса да, итті бермеген. Кейінірек итке ветеринар шақырылған.

"Біз ветеринар Бақтиярды сол жерге шақырдық, ол шокқа қарсы және ауырсынуды басатын дәрі салды. Осы кезде ТЖМ қызметкерлері келіп, есікті ашты. Ал үй ішіндегі ер адамның қолында пышақ болды. Оның мас екені көрініп тұр. Оның итті не үшін өзімен бірге алып келгенін білмейміз. Мүмкін жегісі келген шығар, ол жағын біле алмадық. Ал итті біз таныдық. Бұл қаңғыбас болғанымен мейірімді, ақылды ит. Оны аулада тамақтандырғанбыз. Тіпті шок жағдайында, қансырап жатса да, осындай қатыгездіктен кейін де ол адамдарды жатырқамай, өзіне жақындатып жатыр”, – дейді еріктілер. 

Полиция бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы – жануарларға қатыгездік ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ит еріктілердің көмегімен ветеринарлық қызметке тапсырылды. Онда жануарға қажетті көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу барысы облыс ПД басшылығының бақылауына алынды.