×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

13.07.2024, 16:16
Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды
Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Бүгін Қазақстан-Италия қарым-қатынасы аясында Астана халықаралық әуежайынан Италияның Милан қаласы бағытына әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша Алматы-Астана-Милан бағытындағы ұшаққа мінген туристер тарихи сәттің куәсі болды.

Бұл рейсті 2001 жылы италиялық Alpitour S.Р.А. және германиялық TUI Group сынды екі туристік фирманың бірлескен кәсіпорны ретінде құрылған италиялық NEOS әуе компаниясы жүзеге асырады. 

«Бұл көптен күткен оқиға. Біз NEOS әуе компаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа рейстің ашылуы туристік ағынның дамуына және елдер арасындағы мәдени және іскерлік байланыстардың нығаюына ықпал ететініне сенімдіміз. Астана халықаралық әуежайы жаңа рейсті қарсы алуға қуанышты және табысты ынтымақтастыққа үміттенеді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов жаңа рейстің салтанатты рәсімінде.

NEOS әуе компаниясының рейстері аптасына екі рет Boeing 787 Dreamliner ұшағымен жүзеге асырылады. Ендігі жерде жолаушылар үшін Миланнан Қазақстан астанасына және кері қайтуға жедел әрі жайлы жетуге зор мүмкіндік ашылып отыр.

Бүгінде Италияның ең ірі жеке әуе компанияларының бірі ретінде NEOS 70-тен астам бағытты жүзеге асырып келеді.