×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Билік Сәтмағамбетовты жақтап отыр»: G-Park үлескерлері прокуратураға келді

13.07.2024, 17:59
«Билік Сәтмағамбетовты жақтап отыр»: G-Park үлескерлері прокуратураға келді
Ulysmedia

«G-Park» компаниясының үлестік құрылысына қаржы салып, ақыр соңында дымы қалмаған бір топ азамат Бас прокуратураға шағым айтып келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалай болған

Атышулы G-Park құрылыс компаниясына алданған үлескерлер 12 шілде күні Бас прокуратура ғимаратына жиналды. Олар уәде етілген баспанаға қол жеткізе алмай, ақшаларын бір жылдан астам уақыт бойы қайтара алмай жүр.

Үлескерлер шағымы

Жиналған үлескерлер іс алға жылжымай тұрғанын айтады. Қадағалау органының өкілдерімен болған әңгімеде олар күте-күте шаршағандарын айтып, компанияның иесі, Астана қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің әлем елдеріне саяхаттап, керемет фотосуреттерін бөлісетінін, ал өздері мұнда әділдікке жете алмай жүргендерін жеткізді. 

Үлескерлер Сәтмағамбетовтың прокуратура мен полицияда байланысы бар екеніне, соның арқасында оны «жасырып, жауып», істі әдейі баяулатып жатқанына сенімді.

«Біз олардың бізді мүлдем елемейтіндеріне қатты қапалымыз. Біз Ғабит Сәтмағамбетовтың заң факультетін бітіргенін жақсы білеміз, оның прокуратурада, ішкі істер бөлімінде достары көп. Солар қылмыстық істі тежеп, баяулатып жатыр.

5 ай бойы олар тіпті құрбандардың толық тізімін жасай алмады. Бұл іс еліміздің зардап шеккен азаматтарына көмектесу бағытында жүргізіліп жатқан жоқ. Біз керісінше, іс жабылып жатыр ма деген ойға қалып отырмыз», – дейді алданған үлескер Гүлмира.

Тергеудің дұрыс жүргізілмей жатқанын үлескерлердің мүддесін қорғап жатқан заңгер Әлия Сәрсенова да растады. Оның айтуынша, G-Park алданған қазақстандықтарға ұсынатын жалғыз нәрсе – келісімшартты бұзу.

«Ақшаны дұрыс пайдаланбағаны үшін оны қайтадан өндіріп алуға болатынын көбі біле бермейді. Яғни, Сабит жасаған келісім-шарттардың барлығы заңсыз және жарамсыз. Алдын ала брондау келісімшарты да заңсыз жасалған. Елдерге келісім-шартты бұзу керек, сосын барып кейін қайтарылады депті. Сонда бұлар о баста заңсыз жасалған келісімшартты бұзайық, деп жұртты алдап соқпақшы. Яғни о бастан заңдық күші жоқ келісімшартты қалай бұзуға болады», - деп түсіндірді заңгер.

Оқиға желісі

Еске сала кетсек, Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов G-Park құрылыс компаниясы рұқсатсыз үйлер салып жатқанын айтқан болатын. Астанада G-Park компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінің тағдыры туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан сұралған еді.

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов те ірі G-Park құрылыс компаниясына байланысты дауға қатысты Үкімет отырысында сұрақтарға жауап берген.

Ulysmedia.kz сайтында жарияланған « «Труба против ЖК, или Кому помешали «Дублин и G-Park в Астане»» материал біз күтпеген және үлкен қоғамдық резонанс тудырған болатын. Тіпті оқырмандар ауқымы арта бастаған соң жан-жақтан қоңыраулар келіп түсіп, материалды  сайттан алып тастау талап етілді және мақаланы толығымен жойған жағдайда сыйақы төленетіні туралы ұсыныс та болды.