×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Грузия үкіметі Еуро Одаққа қашан кіретінін мәлімдеді

14.07.2024, 14:25
Грузия үкіметі Еуро Одаққа қашан кіретінін мәлімдеді
RFE/RL

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе елдің Еуро Одаққа кіру жоспары туралы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz eurointegration.com сайтына сілтеме жасап.

Кобахидзе батыстық серіктестердің әртүрлі салалардағы қаржыландыруды тоқтату туралы шешімін өкінішті деп атады. Соған қарамастан, оның айтуынша, Грузия оптимистік көзқараста және Еуро Одаққа кіруге үмітті.

«Бұл біз үшін қолайсыз шешім болды (қаржыландыруды тоқтату). Бұл қарым-қатынастарды оңалтуға көмектесе алмайды. Соңғы 3-4 жылда Грузияда қарым-қатынаста әжептәуір қиындықтар туындап, оларды қалпына келтіру және жақсарту қажеттігі төңірегіндегі осындай процестер қалыптасты», - деді Кобахидзе.

Саясаткер Грузияның 2030 жылға қарай Еуро Одаққа кіруге дайын екенін атап өтті.

«Менің ойымша, қарым-қатынастар мүмкіндігінше келесі жылдың басынан бастап жақсара бастайды. Мен бұл үшін 2030 жылға қарай Грузия Еуро Одаққа кіруге барынша дайын болады деп айта аламын. Алдағы уақытта осы бағыттағы тиісті қадамдар жасалады», - деп уәде берді Ираклий Кобахидзе.

Естеріңізге сала кетсек, Грузияның батыс елдерімен қарым-қатынасы «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» Заң қабылданғаннан кейін нашарлай түсті. Заң «шетелдік агенттер» туралы ресейлік заңнамамен салыстырылып отыр. Бірнеше ай бойы Грузияда наразылық акциялары өтіп, азаматтар бұл заңның қабылдануына қарсылық білдірді.