×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Аудит: ДСМ 3,7 млрд теңгеге заң бұзғаны анықталды

15.07.2024, 12:17
Аудит: ДСМ 3,7 млрд теңгеге заң бұзғаны анықталды
Коллаж: Ulysmedia

Аудит барысында фармацевтикалық өнімдер саласында 36 жүйелік кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

Жоғарғы аудит палата төрағасы Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасы ұйымдар қызметінің тиімділігіне қатысты жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша кеңес өткізді.

Кім қатысты?

Отырысқа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, "СК-Фармация" ЖШС басшылары, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы, Фармбақылау комитеті, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Не анықталды?

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қасқынның айтуынша, фармацевтикалық өнімдер айналымы саласында 36 жүйелік кемшілік анықталған. Олар отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларына, баға белгілеуге, сатып алу және логистика процестеріне, инспекциялар жүргізуге және дәрілік заттардың қауіпсіздігін бағалауға қатысты болған.

Аудит фармацевтика саласын дамытуда кешенді тәсілдің жоқ екенін көрсетті.

Мысалы, дәрі-дәрмек шығаруда іс жүзінде отандық шикізат пайдаланылмайды, ал импортталатын компоненттердің сапасына қойылатын талаптар белгіленбеген.

"Жалпы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірушілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту деңгейі төмен күйінде қалып отыр – 20%-дан аз. 2023 жылғы сату қорытындысы бойынша отандық дәрі-дәрмектердің нарықтағы үлесі 18% құрады", - деп хабарлады ЖАП.

Бағалар 

Бағаларды мемлекеттік реттеу тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды. Шекті бағаларды қалыптастыру "пайыз үстіне пайыз" қағидасы бойынша үстеме бағаларды белгілеуге негізделген. Бұл нормативті түрде препараттардың құнын өндіруші зауыт бағасынан 172%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді

Цитата

“Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағаларды қалыптастыру әдістемесін бағаларды жүздеген пайызға көтеруге болатындай етіп әзірлеген. Жалпы, баға белгілеу дұрыс жүргізілмейді. Неге салыстырмалы елдердегі бағаларға талдау жасалмайды? Қазір барлық баға белгілеу өндіруші зауыттан алынған деректерге негізделген деген сөз бе. Бұл дұрыс емес", - деді Әлихан Смайылов.

Министр

Денсаулық сақтау министрі баға белгілеуге қатысты сұрақтар көп екенін атап өтті.

 "Оның ашықтығы мен объективтілігіне қатысты. Баға белгілеу көтерме және бөлшек сауда сегменті үшін де, ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алу бөлігінде де сұрақтар туғызады. ЖАП нәтижелеріне келетін болсақ, бүгінде 6,5 мыңнан астам препараттың барлық бағасы тексеріледі. Жұмыс тобы құрылды. Оларды іріктеуге қатысты да сұрақтар бар. Менің ойымша, жыл соңына дейін біз ТМККК және МӘМС шеңберінде де, көтерме-бөлшек сауда сегментінде де белгіленген бағалардың барлық спектрін қайта қарастырамыз", - деді Ақмарал Әлназарова.

Аудит мемлекеттік реттеу саласы тіркелмеген дәрілік заттардың бағаларын қамтымайтынын көрсетті. Бұл өндіруші зауыт бағасынан 2000%-ға дейін үстеме баға белгілеуге әкелген.

СҚ-Фармация

Баға белгілеу механизмінің кемшіліктері "СҚ-Фармация" ЖШС-нің жекелеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтық бағадан 40%-365% жоғары бағамен сатып алуына әкеп соққаны анықталды. Бұл 8 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютор жүйесінде сатып алуды сапасыз жоспарлау медициналық ұйымдардың 2,8 млрд теңге сомасына сатып алынған препараттардан бас тартуына әкелді. Нәтижесінде тауар жинақталып, жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты препараттардың бір бөлігі 279,5 млн теңгеге есептен шығарылды.

Құжатсыз сатып алу 

Сондай-ақ, тіркелген баламалары бола тұра, 3 млрд теңгеге бір көзден дәрі-дәрмектер сатып алынғаны, сонымен қатар 182 млрд теңгеден астам сомаға "СТ-KZ" сертификатымен жергілікті қамтуды растамай сатып алу жүзеге асырылғаны анықталды.

Монополия

Дәрі-дәрмектерді сақтау нарығының монополиялануы және бірыңғай дистрибьютордың өзіндік логистикалық инфрақұрылымының болмауы логистикаға жұмсалатын шығындардың 1,5 есе өсуіне ықпал етті: 2022 жылдан 2024 жылға дейін – 6,8 млрд теңгеден 10,2 млрд теңгеге дейін өскен.

"Ақмола, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған жедел қоймалардың болмауы да логистикалық шығындарды арттырады және төтенше жағдайлар кезеңінде дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Тарифтерді қалыптастырудың ойластырылмаған саясаты, логистика, есепке алу және шығындарды бақылау процестерінің төмен автоматтандырылуы 17,2 млрд теңге көлемінде экономикалық шығындарға 538 млн теңге артық төлеуге әкелді, оның 220 млн теңгесі қалпына келтірілді", - деп хабарлады ЖАП.

3,7 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды: 

Қаржылық бұзушылықтар – 538 млн теңге;

Тиімсіз жоспарлау – 2,8 млрд теңге;

Активтерді тиімсіз пайдалану – 385 млн теңге.

Бюджеттің ықтимал шығындары – 21,7 млрд теңге.

Кім жазаланды?

Аудит жүргізуге кедергі келтіргені үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылық фактілерінің материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 134 факт әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.