×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

10 жылда мыңға жуық бала суға батып, қаза болған

15.07.2024, 20:11
freepik.com

Елімізде соңғы 10 жылда 2 мыңнан аса адам суға кетіп, қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24kz сайтының мәліметіне қарағанда, оның мыңға жуығы бала. Соған қармастан, шомылу маусымы кезінде құтқарушылардың ескертуін елемейтіндер азаймай тұр.

Мәселен Астананың өзінде биыл 3 адам суға батып кеткен. Тағы 100 шақты адамға хаттама толтырылып, 1 миллионнан астам айыппұл салынған.

Елде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кеткен. Оның 30-ы бала.

Осындай қайғылы жайттардың басым бөлігі ата-аналардың жауапсыздығынан болады, - дейді мамандар.

Ал ересектер суға мас күйінде көп түскендіктен арты өліммен аяқталатын көрінеді. Суға батқан адамның сөйлеуге де, айқайлап көмек сұрауға да шамасы болмайды.

Ондай сәтте жағада қалғандар серіктесін толық бақылап отыру керек, - дейді мамандар.

Себебі қайғылы оқиғалардың көпшілігі осындай немқұрайлық пен жауапсыздықтан болады.

Көбі қарсылық танытады. «Мен осы жерде бұрыннан суға түсем ғой, сендер қайда жүрдіңдер?» деген сөздер айтады. Неге басқа жерде өткізбейсіңдер деген сияқты. Біз өзіміздің тарапымыздан шомылу маусымы кезінде судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз. Қазір жедел құтқару жасағының өзінде 40 сүңгуір құтқарушы бар. Оның ішінде 8 қайық бар – дейді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Алпамысұлы.

Астанада суға түсуге рұқсат етілмеген 21 орын бар. Соның бірі Ақбұлақ деп аталады. Бірақ жағалау адамға лық толы. Басым бөлігі ата-анасының қарауынсыз жүрген балалар. Тыйым салынған орындарда бала түгілі үлкендер де шомылып жүр.

- Рұқсат етілмеген жерлерде ешқандай жағдай қарастырылмаған. Судың түбінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Темір шығып тұр ма, бетон бар ма. 60-қа жуық баланы ұстағанбыз. Оның ішінде 40 баланы полиция департаментіне апарып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 14 хаттама толтырылған - дейді Азамат Алпамысұлы.

Жауапсыз ата-аналарға қанша жерден айыппұл салынғанымен, мәселе оңалмай тұр. Рейд кезінде бірнеше рет ұсталған балалар мен азаматтар да болған. Соған қарамастан құтқарушылар тексерісті күн сайын күшейтіп жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бері елде 130-дан астам адам құтқарылған.

Серіктес жаңалықтары