×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын сатып алуға мүмкіндік беріледі

16.11.2021, 08:00
Фото: ашық дереккөзден

20 қарашаға дейін Pfizer вакцинасының екінші партиясы Қазақстанға  жеткізіледі. Еліміздің 7 өңірінде ол егіле бастады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр COVID-19 қарсы Comirnaty (Pfizer) екпесін адамдардың өз қалауы бойынша ақылы түрде алуға мүмкіндік беруге болатынын айтты.

«Адамдардың өздерінің тандауы бойынша қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болуы үшін вакцинаны коммерциялық нарық сегментіне жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет», – деді оған ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Белгілісі, 12-18 жас аралығындағы 1313 бала мен 247 аяғы ауыр және бала емізетін әйел бүгінге дейін егіліп үлгерген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. «Қызыл аймақта» 2 өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отырса,  5 өңір – сары, 10 – жасыл аймақта.

Қазіргі уақытта 8,5 миллионнан астам адам, бұл 18 жастан асқан азаматтардың 75 пайызы - бірінші компонентті және 7,8 млн адам, бұл тұрғындардың 69 пайызы - екінші компонентті салдырған.

«Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қамтамасыз ету қажет», – деп тапсырды Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары