×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Студенттердің шәкіртақысы алдағы 3 жылда неше есе өседі

16.11.2021, 09:12
Фото: Ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы қанша теңгеге өсетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға қарай ол тағы екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе артады», - деді Асхат Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қаржыландыру туралы сөз қозғаған министр елдегі жоғары оқу орындарының бәрі де жан басына қаржыландыру жүйесіне көшкенін мәлім етті. Университеттер қанша талапкерді алса, сол мөлшерде ғана мемлекеттен грант ала алады. Сәйкесінше мемлекеттік жоғары оқу орындары оқу нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы ала алмайды. Олар жекеменшік университеттер секілді жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді.

Серіктес жаңалықтары