ҚР ІІМ полицияның қызметтік көліктерінде қала сыртындағы трассаларды сәйкестендіру белгілерінсіз патрульдеу тәжірибесін қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СӘТТІ ӨТКЕН СЫНАҚ
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың жетекшілігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында Атырау облысының тәжірибесі қаралды, онда қала сыртындағы трассалардағы заң бұзушылықтарды заманауи фотобейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған сәйкестендіру белгілері жоқ полицияның қызметтік автомашиналармен патрульдеу жұмысы сәтті сынақтан өткен.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТІРКЕЛЕДІ
Белгілі болғандай, мұндай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде БП ҚСжАЕК ӘІБТ-нің Процессинг орталығына жіберіледі, ал құқықбұзушыға айыппұл туралы хабарлама келеді.
Сонымен қатар ІІМ еліміздің барлық өңірінде осындай тәжірибені сынауды, сондай-ақ Комитетпен бірлесіп жол-көлік оқиғаларының диаграммаларын жасау үшін «дрондарды» пайдалану мүмкіндігі туралы техникалық шешімді зерделеуді ұсынған.