×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда педагогтарды тек 50 университет дайындайтын болды

16.11.2021, 09:25
Фото: Ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, педагогтарды бұрын 86 университет дайындап келген. Алайда олардың білім беру сапасына терең талдау жүргізіліп, осы университеттердің ішіндегі 36 жоғары оқу орнынан «педагогикалық лицензия» қайтарылып алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Білім сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау күшейтілді. Бұл бағыт біз үшін аса маңызды. Министрлік сапасыз білім беретін университеттерге тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 500-ден астам сот процестеріне қатысып, 15 университетті толығымен жапты. Тағы да 4 университетті жабу бойынша сот шешімі қабылданды, бірақ аппеляция жүруде», - деді Асхат Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр сонымен қатар 60 университетте сапасыз білім беретін мамандықтар бойынша лиценциялар қайтарылып алынғанын мәлім етті. Ол мамандықтың студенттертері басқа университеттерге ауыстырылған.

«Мысалы мұғалімдерді бұрын 86 университет дайындайтын. Алайда олардың білім сапасы бойынша көп сұрақ туындаушы еді. Енді педагогтарды тек 50 университет дайындайды. Яғни тек осы бағыт бойынша 36 университеттің лицензиясы қайтарылып алынды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары