×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ермұрат Бәпимен колонияда кездескен Марғұлан Боранбай не айтты

18.07.2024, 17:06
Ермұрат Бәпимен колонияда кездескен Марғұлан Боранбай не айтты
коллаж ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Өскемендегі N17 колонияда жатқан белсенді Марғұлан Боранбаймен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ulysmedia тілшісіне аталған кездесу туралы айтып берді. 

“Ұлттық рухы күшті, қазақтың намысы үшін нақақ сотты болған нағыз патриот жігіт Марғұлан Боранбаевқа қоғам да, билік те қарыздар. Қоғамның қарыздар болатын себебі: Марғұлан мен Данат Намазбаев сотталған кезде, бүгінгі белсенділер оларға араша түсе алмады. Тіпті, көпшілігі бұл екі жігіттердің не үшін және кім үшін сотталып жатқанын да білмеді. Ал олар "ұлыорыстық шовинизмнің" қазіргі өңмеңдеген өкілдеріне қарсы әлеуметтік желілер арқылы қарсы шығып, қазақтың намысын қорғаған және сол үшін сотты болғандарына да өкінбеді”, – деді депутат. 

Ол түрмеде Марғұланмен болған кездесудің тоқетер тұжырымын айтты. Оған Марғұлан Боранбаев Қазақстан билігінің Ресейге қатысты дипломатиялық сыртқы саясатының құрбаны болғанын жеткізген. 

"Орыс әлемін" қорғау қамымен Кремль тарапынан шовинистік көзқарастағы орыс ұлтшылдарын, орысшыл пиғылдағы мәңгүрт қазақтарға қарсы шыққан азаматтарды жазалау талабымен құрбан болдық. Мен бұл үшін еш өкінбеймін, егер қазақ билігі бізді соттап, солтүстіктік көршімізді тыныштандыра алған болса, біздің түрмедегі төрт жылымыз текке кетпегені. Ресей тарапынан мүмкін болар соғыс конфликтісін тоқтату үшін қазақ билігі "ұлтшылдарды аяусыз жазалап жатырмыз" деп, Кремльді уандыра алса, бұл дипломатиялық саясатқа қосқан біздің де үлесіміз бар деген сөз. Бірақ елдің ұлттық намысын сыртқы лаңшылардан қорғаған патриот азаматтарды тұқырта беруге болмайды. Егер ертең ел басына қандай да бір күн туса, қазақ мемлекетін солар бірінші болып қорғайды. Сондықтан маған кесілген 4 жылдық жазаның 9 айы ғана қалған кезде, "УДО" сұрап кішірейгім келмейді. Қоңыраудан - қоңырауға дейін отырып шығам. Менің ел алдындағы арым кіршіксіз!", – депті оған Марғұлан Боранбай.

Айта кету керек, 2022 жылдың 14 наурызында Алмалы аудандық соты Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевты әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Намазбаев Ресей саясаткерлерінің Қазақстанға қарата айтылған агрессивті шабуылдарына қарсы шығып, Ресеймен интеграцияның күшеюін сынаған. Сондай-ақ Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптады