×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аустралиялық спортшы Олимпиадаға қатысу үшін саусағының ұшын кесіп тастады

20.07.2024, 18:31
Аустралиялық спортшы Олимпиадаға қатысу үшін саусағының ұшын кесіп тастады
TASS/Zuma/ Luis Veniegra

Аустралияның көгалдағы хоккейден ұлттық құрамасының мүшесі Мэтт Доусон Париж Олимпиадасына қатысу үшін саусағының бір бөлігін кестіртіп тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сортшы үшін сындырып алған төртінші саусағының (шылдыр шүмек) жазылып келе жатқанына қарамастан Париждегі ойындардан қалып қою қаупі туған. Бірақ Олимпиадаға қалайда болмасын бару керек деп шешкен хоккейші саусағының жоғарғы бөлігін кесіп тастауды ұйғарыпты.

“Мен пластикалық хирургпен кеңесіп, саналы түрде шешім қабылдадым. Бұл шешім Олимпиадаға қатысу үшін ғана емес, болашақ өмірім үшін де қабылданды. Менің құп көрген нұсқам саусақтың жоғарғы бөлігін кесу болды. Шешім қабылдауға уақытым да аз еді”, деді Доусон.

Еске сала кетсек, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтеді.