×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Назарбаевтың отасы және мемлекеттік құпия: саясаттанушы заңдағы бір жайтқа назар аударды

Бүгін, 15:43
Назарбаевтың отасы және мемлекеттік құпия: саясаттанушы заңдағы бір жайтқа назар аударды
nazarbayev.kz

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқаны туралы хабарламадағы бір жайтқа назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы неге назар аударды?

Бүгін бұрынғы президенттің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың үйден дауыс бергені хабарланды. Бұған оның денсаулық жағдайы себеп болғаны, жақында омыртқасына ота жасалғаны айтылды.

Ғазиз Әбішевтің айтуынша, 2025 жылғы қаңтарда қабылданған түзетулерге сәйкес, бұрынғы президенттердің денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылған.

«Не бұл хабарламада бұрынғы президенттің денсаулығына қатысты мәлімет мемлекеттік құпияны жария ету деп бағаланатындай деңгейде ашылмаған. Не бұл ақпаратты жариялаған адамдар арнайы рұқсат алған», – деп жазды саясаттанушы.

Контекст

Бүгін Назарбаевтың үйден дауыс бергені белгілі болды. Ал 15 наурызда өткен жаңа Конституция жөніндегі референдумда ол Астанадағы №228 сайлау учаскесіне өзі барып, дауыс берген еді.