×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

598 келі Шомбал: Бұқалар байқауының жеңімпазы қаншаға сатылды?

21.07.2024, 12:44
Бас жүлде иегері "Шомбал"

Елімізде сиырдың етті тұқымдары арасындағы Ұлттық конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байқаудың Бас жүлдесіне YTO-ME404 тракторы тігілді.

Халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Ең күшті бұқа» номинациясының бас жүлдесін Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымынан шыққан Абай облысының «Шомбал» атты бұқасы алды.

«Шомбалдың» туғанына 16 ай (құнан бұқа) болған. Қазіргі салмағы 598 келі, туған кездегі салмағы 26 келі болған екен.

Абсолюттік чемпионды, «Шомбалды» сол жерде өткен аукционда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы шаруашылықтарының бірі 1 млн теңгеге сатып алды.

Ал 1-орынды Ақмола облысынан қатысқан ангус тұқымды «Stevenson» атты бұқа иеленсе, 2-орын қостанайлық герефорд бұқа «Стильныйға» беріліп, 3-орын тағы бір қостанайлық «Тополь» атты бұқаға бұйырды.

Серіктес жаңалықтары