×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Бояу артқан жүк көлігі аударылды. Астана-Бурабай тас жолы жабық

21.07.2024, 12:58
Ақмола облыстық полиция департаменті

Бүгін «Астана-Петропавл» автожолында көп көлемде бояу алып келе жатқан жүк көлігі аударылып, оған қатысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға бүгін, 21 шілдеде күні болды.

«Биылғы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді ведомстводан.

Ал тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін барынша сақтауға шақырып отыр.

Бұған дейін бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғаны жайында әлеуметтік желіде видеожазба тараған.

Серіктес жаңалықтары