×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Студент оқу ақысын өзі төлеуі керек – Тоқаев гранттар жайлы

16.11.2021, 15:36
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді грантпен оқытуда қаржыландыру тетігін өзгеру керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгін де бір студентті оқыту құны – шамамен 4 млн теңге. Грант жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек», - деді президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласына бәсекелестікті арттырады.

«Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады. Бұл шешімді үкімет жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары