Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мессенджерлер арқылы қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан келіп жатқан хабарламаларға сенбеуге және жауап бермеуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн”, деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Содай-ақ хабарламада мұндай әрекет сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі екенін ескертілген.