Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, бес жәбірленушінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
"Кешенді шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын шығып, соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.
Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған" қылмыстық іс қозғалды.