×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Айгүл Иманбаева: Жалғызбасты әйелге қоғамда орын жоқ сияқты

23.07.2024, 17:45
Айгүл Иманбаева: Жалғызбасты әйелге қоғамда орын жоқ сияқты
Фото: ашық дереккөзден

Эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жариялаған видеоларының бірінде жалғызбасты әйелдің жарасы мен қоғамдағы орны туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге кейде орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жалғызбасты әйел өзінің орнын, өз еншісін қолымен жұлып алғандай қылып алмаса, орын таппауы да мүмкін”, – дейді актриса.

Ол қазір қоғамда қазір жалғызбасты аналар, баласын әкесіз өсіріп отырғандар тарапынан сұрақтар жиі болатынын, олардың көбі өзін кем санайтынын айтты.

“Әйел өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине ол қатарда мен де бармын, себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін. Ажырасқан соң әйел автоматты түрде ішпей-жемей жүргішке, ішпей-жемей бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Сені солай жатқызады. Тіпті, той-томалаққа жалғыз барсаң, сол жерде күйеуін тартып алып қоятындай, күйеуіі бар әйелдер қызғанады. Күйеусіз барсаң, мына байғұс әлі жалғыз жүр ме деп қарған көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді де, өзін сондай бір керексіз, болмаса жараланған, жалғызбастымын деп бір қалыпқа кіре бастайды”, – деді Иманбаева. 

Ол жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болатынын айтты.

“Әрине, еркек бола алмайсың. Бірақ өзіңнің балаңды жеткізу үшін, қоғамда орныңды алу үшін, өзіңді сыйлата білу үшін де саған мінез керек болады. Қайрат, күш, білім керек болады. Нәзік әйелдік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді. Өйтпесең жаралы болып, қансырап жүре беруің әбден мүмкін. Көп жерде еркек бола алмайсың, бірақ тістеніп жүріп балаңды жеткізуге тура келеді. Барлығы жүк. Екі адамның да жүгі жалғызбасты әйелдің мойнына түседі”, – деді ол.