×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Шығыста тағы сот. Бұл жолы лауазымдыларға үкім шықты

23.07.2024, 22:40
Шығыста тағы сот. Бұл жолы лауазымдыларға үкім шықты
ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облыстық соты ағымдағы жылы 12 шілдеде облыстың Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың мәліметіне қарағанда, олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Салдарынан мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтірілген.

Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.