×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан оқушылары Ұлыбританияда өткен олимпиадада бес медаль алды

24.07.2024, 09:17
Қазақстан оқушылары Ұлыбританияда өткен олимпиадада бес медаль алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты”, — деп жазылған хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.

Қазақстан командасының құрамы:

Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.