×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Майқайыңдағы апат: Жеті айдан кейін жер астына кеткен автобус табылды

25.07.2024, 10:19
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысында биылғы жылдың қаңтар айында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына кеткен автобус қазып алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Майқайыңалтын" АҚ тау-кен бөлімшесі ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

"24 шілде күні кешке қарай жер қазу жұмыстары барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге байланысты және опырылу қаупі сақталып отырғандықтан, жұмыстар ерекше сақтықпен жүргізіліп жатыр. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне жетуге мүмкіндік туды, бетінде бампер мен дөңгелек көрініп тұр", - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

ЖҮРГІЗУШІ ТАБЫЛМАДЫ

55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтың денесі әлі табылмаған.

"Жақын арада іздестіру жұмыстары күткен нәтиже береді деп үміттенеміз", - деп атап өтті аймақ басшысының баспасөз қызметі.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Естеріңізге сала кетсек, Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында осы жылдың қаңтар айының басында ескі шахтаның ойығына автобуспен бірге құлаған төрт құтқарушының үшіншісі, 36 жастағы Айдос Шаймерденнің денесі табылғанын хабарлаған едік.

биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

Амангелді Тілеубергеновтың айтуынша, қазір «Майқайың» комбинаты “кінәсізбіз” деп, жұмыс беруші компанияны «100 пайыз кінәлі осылар» деп сотқа беріп жатқан көірнеді. Ішінде “жүргізуші де кінәлі” деп те жазып қойғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары