×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Майқайыңдағы апат - жарылыс жұмыстары жүргізілді

05.01.2024, 18:02
gov.kz

“Майқайыңалтын” кен байыту фабрикасына қарасты опырылған шахтада құтқару жұмыстарын жеделдету мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол үшін үш жерден қуаттылығы төмен динамиттер қолданылған. Себебі, аспалы керме арқылы альпинистік әдіспен іздестіру жұмыстарының нәтиже беруі неғайбыл деген шешім қабылданған.

Жарылыстан кейін шыңырауға ауыр техника кіргізіледі. Бұл – қазу, іздестіру жұмыстарын жеделдетпек.

Ең бастысы құтқарушылар өміріне қауіпсіз.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылды.

Жүргізуші мен тағы бір құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары