×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Майқайыңдағы апат: Алтын қазатын компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

23.01.2024, 09:20
Павлодар ТЖД

Павлодар облысында «Майкаинзолото» компаниясы аумағында адам өліміне әкеп соқтырған автобус апаты ісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

– Жолдың опырылуы салдарынан тау-кен карьеріне апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері бар автобус құлағаны анықталды, 2 адамның денесі сол күні шығарылды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды  тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды. Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне көтерілді, – делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнына жол салу үшін топырақ шығарылып, геосканерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шағын көлемді экскаваторлар түсіріліп, екі құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр. Тау жыныстарының тұрақсыздығына және шұңқыр астында қуыс жерлер пайда болып, топырақтың басуына байланысты жұмыс қиындаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде кәсіпорынның 40-тан астам қызметкерінен, сондай-ақ ЖШС басшылығынан жауап алынды, қажетті құжаттар, бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.

Іс бойынша жолдың опырылып құлау себептерін анықтау үшін елдің әртүрлі аймақтарынан тау-кен-құрылыс жұмыстары саласының мамандарын тарта отырып, бірқатар сараптамалар тағайындалған. Тергеу бас прокуратураның бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылған. Балқаштан жеткізілген еліміздегі жалғыз құрылғы - америкалық өнеркәсіптік радиолокация автобустың жатқан жерін анықтап берген еді. «Майқайыңалтын» кен орнында бірнеше күн бұрын ішінде төрт адам бар автобус құлап кеткен еді. Екі адамның денесі шығарылған.

Серіктес жаңалықтары