×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семіздік қант диабетіне әкеледі. Диабет баланы мүгедек етеді

29.07.2024, 13:12
Семіздік қант диабетіне әкеледі. Диабет баланы мүгедек етеді
Фото: әлеуметтік желіден

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» директоры Ажар Ғиният Балалар арасында мүгедектіктің алдын алу туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНТ ДИАБЕТІН ТУҒЫЗАТЫН – СЕМІЗДІК

“Қазіргі таңда қант диабетінің II түрі бүкіл жер шарында жиілеп бара жатыр, осы ауруды туғызатын аурулардың бірі - семіздік. Ал қант диабеті мүгедектікке әкеліп соғады, себебі қант диабеті бүйректің, ұсақ және ірі қан тамырларын, нерв жүйкелерінің функциясын зақымдап қана қоймай бүкіл ағзаға кері әсерін туғызады”, – деп жазды Ғиният.

Оның сөзінше, балалардағы семіздік немесе артық салмақ – бұл бізді алаңдататын қоғамдағы үлкен мәселе. Мұның себептері дұрыс тамақтанбауда, төмен физикалық белсенділікте немесе артық тамақтануда.

СЕМІЗДІККЕ ӘКЕЛЕТІН АС-АУҚАТ

“Семіздікті туғызатын себептер ол зиянды тағамдар: қантты тағамға мөлшерден тыс қолдану, ақ нан, тәтті сусындар, фастфуд, чипсы, крекер, торт, кәмпит, чупа-чупс, газдалған және энергетикалық сусындар. лардан бас тартқан жөн”, – деп жазды бұрынғы министр.

Сонымен қатар, семіздікке бейімдейтін медициналық факторлар да кездеседі, мысалы, генетикалық және тұқым қуалайтын аурулар, сондай-ақ қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің, гипофиздің немесе гипоталамустың гормоналды бұзылыстары. Бұл бұзылулар салауатты өмір салтын ұстамаса семіздікке әкеліп соғады.

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖАҒДАЙ

“Жүктілік кезінде әйелдердің дұрыс тамақтанбауы, мөлшерден тыс тәтті тағамдарды қолдануы, ұйқының дұрыс болмауы, отбасындағы әртүрлі стрессті жағдайлар баланың дұрыс жетілмеуіне себепкер болады”, – дейді маман.

Нәрестенің жаңа туған кезеңінде және өмірінің алғашқы жылында ана сүтімен емізу өте маңызды, себебі емшек сүтінде баланың физикалық және психоэмоционалды дамуы үшін қажетті дәрумендер мен минералдар бар.

Спортпен шұғылдану және заманауи гаджеттер мен компьютерлік ойындардан бас тарту да маңызды.

СЕМІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ 

Бұрынғы министр семіздіктің алдын алуға арналған қарапайым профилактикалық шаралар тізімін ұсынды: 

- Тамақтану және күн режимін дұрыс ұйымдастыру

- Көкөніс пен жемістерді көбірек жеу

- Салауатты өмір салтын ұстану

- Спортпен шұғылдану

- Уақытылы ұйқы режимін сақтау

- Туғаннан бастап өмірдің барлық кезеңдері бойынша профилактикалық іс-шараларды өту

“Бұл қарапайым ережелер сіздің балаңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Бала саулығы - ұлт саулығы”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

ДЦП-НЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ ИНФЕКЦИЯЛАР

Айта кетсек, бұған дейін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» директоры Ажар Ғиният балалар мүгедектігінің алдын алу туралы маңызды ақпарат жариялап, жүктілікті жоспарлаудан бастап неврологиялық аурулардың көпшілігінің алдын алуға болатынын айтты

“Церебральды сал ауруы сияқты неврологиялық аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі - цитомегаловирус, герпес вирусы және басқа TORCH инфекциялары сияқты туа біткен инфекциялар. Бұл инфекциялар ұрықтың дамуына айтарлықтай әсер етіп, мидың іштен біткен ақауларының қаупін арттырады. Инфекциялардан басқа, жүкті әйелдердегі анемия да қауіпті, бұл ұрықтың созылмалы ми гипоксиясына алып келеді. Анемия болмау үшін жүктілік кезінде дұрыс және тиімді тамақтану қажет”, – деп жазды маман.