×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қоғамдық көлік. 400-ге жуық заң бұзушылық анықталды

29.07.2024, 20:46
Қоғамдық көлік. 400-ге жуық заң бұзушылық анықталды
ашық дереккөз

Елордалық автобус парктерінің 8 қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алты күндік «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қала аумағында автобустардың техникалық жай-күйін тексеру, автобустардың автопарктерден, автобекеттерден шығуы кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерістен өтуі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Заңсыз автовокзалдар, автотасымалдаушылар, сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдайтын таксилер анықталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша автобус жүргізушілерінің 400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. 19 заңсыз такси жүргізушісі ұсталып, коммуналдық тұраққа 45 көлік қойылды, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, мыңға жуық қоғамдық автобус тексерілді.