×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әлемнің 80 елінен мәлімет түседі. Қазақстан жеке адамдардың кірісін бақылайды

30.07.2024, 00:20
Әлемнің 80 елінен мәлімет түседі. Қазақстан жеке адамдардың кірісін бақылайды
ашық дереккөз

2021 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік банктердегі қазақстандықтардың шоттарына түсетін кірістер туралы мәліметтер алып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Мұстафина Қазақпаратқа берген сұқбатында айтты.

2021 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік банктердегі қазақстандықтардың шоттарына түсетін кірістер туралы мәліметтер алып келеді. Бұл құзыретті органдардың қаржылық шоттар туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісім (Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы Страсбург конвенциясы) арқасында мүмкін болды – деді ол.

Сонымен қатар ол жыл сайын елімізге әлемнің 80 елінен мәліметтер келетінін айтты.

Жыл сайын Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Франция секілді 80 елден мәлімет келіп түседі. Оның ішінде банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығы; алынған дивиденд сомалары; шот бойынша алынған сыйақы сомалары; активтерді және өзге де кірістерді сатудан түскен түсімдердің сомалары туралы мағлұмат бар. Шетелдік банктердегі кірістерді камералдық бақылау қорытындысы бойынша өткен жылы 684 азамат 4,2 млрд теңге салық төлеген – деді Әсемгүл Мұстафина.