×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қандай бала сексуалды сипаттағы әрекетке құмар келеді - маман пікірі

Қандай бала сексуалды сипаттағы әрекетке құмар келеді - маман пікірі
сурет ашық дереккөзден

Психолог Серікгүл Сәли Қостанайда бес жасар қыздың сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны және күдіктілердің кәмелет жасқа толмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙНАЛАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҢ ӘСЕРІ

Психолог жасөспірімдердің мұндай қадамға баруының бірнеше себебін атады. 

“Бірінші себебі ақпарат құралдары арқылы сексуалды сипаттағы эротикалық видеороликтер, әртүрлі әлеуметтік желілердегі сондай ақпараттарды, көріністерді балалардың оңай ашып көре алуында. Көргеннен кейін соған деген бір құштарлықпен жасамайды. 12-13 жастағы баланың бойында құштарлық болмайды”, – дейді психолог.

МАХАББАТҚА БӨЛЕУ МАҢЫЗДЫ

Оның сөзінше олар көргенін қайталап, қызық ретінде адамның сол сәтте қандай сезімге бөленетінін білгісі келетіндіктен жасайды.

“Екіншіден, балалар мұндайға не себептен барады? Ондай видеоны көрудің өзі де балалардың тәрбиесіндегі сезімнің жетіспеушілігінен болады. Ішінде сезім бар болып тәрбиеленбеген, сезіммен өспеген бала сексуалды сипаттағы әрекеттерді жасауға қызығушылығы оянып тұрады. Сонда баланы өзінің жасынан бұрын эротикалық қадамдарға барудан баланы сақтап, қорғайтын нәрсе – баланы сезіммен тәрбиелеу”, – деді Серікгүл Сәли. 

Ол баланы “сезіммен тәрбиелеу” деген кітап оқыту, әңгімелесіп, сырласу, бауырмал етіп тәрбилеу екенін айтты. 

БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ ҰРЫСУ, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ТҮСУМЕН ПАРА-ПАР

“Үшінші себебі, қазіргі ересек адамдар балалардың көзінше балағат сөздерді айтып, ашық ұрсыса беруінде. Бұл баланың көзінше жыныстық қатынасқа түсумен пара-пар нәрсе. Сондықтан баланың бойында “ұят, болмайды” деген ұғым болмайды. Баланың көзінше жыныстық қатынас жайлы сөзді айтуға тыйым салынған. Қазір ересектер осыны ескермейді”, – деді психолог.  

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Естеріңізге сала кетсек, Қостанайда бес жасар қыздың топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жаға ұстатарлық оқиға болғанын хабарлаған едік. Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген болатын. Қостанай облысының полиция департаменті бес жастағы қыз баланың зорланғанын растап, күдіктілердің қамауға алынбағанын айтты

“Күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеуіне байланысты оларға бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ”, – деді полиция өкілдері. 

Кейін Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Несібелі Басенова бес жасар қыз баланы 12-13 жастағы ұлдардың зорлау фактісі бойынша ақпарат беріп, қыздың анасы байланысқа шықпай отырғанын айтты

Қазақстандықтарды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға кім кінәлі, педофилия неге күн өткен сайын жасарып барады? Көптің көкейіндегі сауалдарға жауап алу үшін Ulysmedia.kz сарапшылармен тілдесті. Материалды мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.