×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Құлдықтағы» ресейліктің ұялы телефоны болған

18.11.2021, 09:20

20 жыл бойы Қазақстанда құлдықта болғанын айтқан ресейлік сөзін қайтып алып, өз еркімен жұмыс істегенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзін Ресей Федерациясының азаматы деп таныстырған Алексей Котовтың Қарағанды облысында оны «күштеп ұстап отыр» дегені жалған болып шықты.

Полицияда тиісті бейнежазбаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, ақпаратты тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанған. Нәтижесінде Шет ауданындағы шаруа қожалығы анықталған.

«Ресей елшілігі өкілдерінің қатысуымен Котовтан жауап алу барысында ол шаруа қожалығының аумағында өз еркімен жұмыс істегенін, қолында ұялы телефонының болғанын және кез-келген уақытта шаруа қожалығының аумағынан кетіп қалуға мүмкіндігінің болғанын жеткізді. Шаруа қожалығының иесіне қарсы арыз жазудан бас тартып, ешкімге ешқандай кінә артпайтынын және бейнежазбаны үйіне қайту үшін жазғанын түсіндірді», – дейді Қарағанды полиция департаментінен.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзін Ресей Федерациясының азаматы Алексей Котов деп таныстырған азаматтың Қарағанды облысында “күштеп ұстап отыр” деген бейнежазбасы анықталды. Аталған бейнежазбаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, ақпаратты тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлерімен Шет ауданында шаруа қожалығының иесі және Котовтың өзі анықталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ujge-oralghysy-kelgen-rezonansty-video-tusirgen-resejlik-oz-areketin-tusindirdi/

Серіктес жаңалықтары