×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үшкемпіров: Шәмілдің сөзі болмағанда Олимпиада чемпионы болмас ем

30.07.2024, 12:48
Үшкемпіров: Шәмілдің сөзі болмағанда Олимпиада чемпионы болмас ем
Фото: ашық дереккөзден

Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпины болған соң, Жақсылық Үшкемпіровтен кейін 44 жылдан соң қайталанған ерлік деп, көбі тарих беттерін парақтап кетті. 80-жылы алтын алған палуан Шәміл Серіков туралы да айтыла бастады. Желіде енді Жақсылық Үшкемпіровтің Шәмілдің арқасында қалай жеңіске жеткені туралы естелігі кең тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайтынын айтқан. 

“Кезекті қарсыластың бірін басында жеңіп келе жатқаныммен, артынша әдістерім өтпей, ол басым бола бастады. Іштей істің қиынға айналып бара жатқанын сезіп тұрмын. Айнала шу, айқайлаған адам. Бұндайда тренеріңді де есту қиын. Бір кезде Шәмілдің даусын естідім”, – депті Үшкемпіров.

Сол кезде ол Шәміл Серіковтің «Түйе құсап шайқа, түйе құсап шайқа» деген қазақша сөзін естігенін айтқан. 

“Шәмілдің даусын жазбай таныдым. Және оның не айтып жатқанын да түсіндім. Сонша айқайдың арасынан қазақтың сөзі, қазақтың даусы құлағыма анық жетті. Қарсыласымды екі қолынан алып шайқадым. Кері шегінгенінде екі-үш әдісті қатар жасап, ұпайымды арттырып алдым. Ары қарай күресім жүріп кеп берді. Шәміл хас талант қой. Күресті сыртынан бақылап тұрып, ең керек сәтте, ең керек кеңесті берді. Егер сол сөзі болмағанда, менің олимпиада чемпионы болмай қалуым да әбден мүмкін еді”, – депті Үшкемпіров.

Айта кетсек, Үшкемпіровпен қатар алтын алған қазақ палуаны Шәміл Серіков 1989 жылы 22 қарашада өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден өткен. Балуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979) 1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.