×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Дәрі-дәрмек бағасы туралы қалай шағым түсіруге болады?

31.07.2024, 10:40
Дәрі-дәрмек бағасы туралы қалай шағым түсіруге болады?
Фото: gov.kz

Қазақстандықтар дәрі-дәрмек бағасына қатысты шағымдарын қосымша арқылы жеткізе алады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мобильді қосымша сондай-ақ дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болатын жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын бақылау үшін Dari.kz мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынды.

ҚОСЫМША ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

"Қосымша арқылы пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады", - делінген хабарламада.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бұл үшін:

  • тауар чегі мен дәрі қаптамасының суретін жүктеу керек.
  • аумақтық департаменттерге автоматты түрде жіберілетін өтінішті жолдау қажет.

ЖАНАМА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ

"Сонымен қатар, қосымша дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл медициналық препараттардың сапасын бақылауды жақсартуға ықпал етеді", - деп нақтылады Денсаулық сақтау министрлігі.

ҚАНДАЙ ЖАЗА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?

Белгіленген шекті бағалардан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделген:

  • Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
  • Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
  • Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері туралы хабарлаған едік.

Елеулі тәуекелдер анықталды. Мысалы, дәрі-дәрмек сатып алу бойынша аукциондардың жартысынан астамы бәсекеге қабілетсіз тәсілмен өткен (2020-2023 жылдар аралығында барлығы 1 241 лот).

Бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне жүргізілген аудит барысында 3,7 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталғаны хабарланған болатын.

Баға белгілеу механизмінің кемшіліктері "СК-Фармация" ЖШС-нің жекелеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтық бағадан 40%-365% жоғары бағамен сатып алуына әкеп соққаны анықталды, бұл 8 млрд теңгеден астам соманы құрайды.