×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Бейби-бум: Елімізде перзентханаларға түскен жүктеме 1,5 есе өсті

18.11.2021, 11:10
Фото: Ашық дереккөзден

Осы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша елде ауруханадағы көрсетілетін қызметтер көлемі 0,3%, ал жылдық көрсеткіш бойынша 10,1% өскен. Ауруханалардағы қызмет бағасының өсімін бәрін бұрын Алматы (20%), Түркістан (18,1%) және Павлодар (15,6%) областарының тұрғындары сезінген. Ең төменгі баға Ақтөбе облысында (бір жылда 0,8%) байқалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауруханалардағы қызметтер үшін төленген ақша 618,7 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда бірден 60,3% өскен (былтыр 385,9 млрд теңге болған). Қызметтердің көбі бюджет есебінен (547,8 млрд тг, +56,7%) жүргізілген. Халық есебінен қызметтер 66,7% өсіп, 38,7 млрд теңгеге, ал кәсіпорындар тарапынан 2,4 есе өсіп, 32,2 млрд теңгені құраған», - делінген energyprom.kz зерттеуінде.

Зерттеушілер ауруханалардағы хирургиялық бөлімдерде жыл басынан бері 107,2 млрд теңгенің қызметі көрсетілгенін, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан қарағанда 33,9% көп екенін хабарлайды. Ал гинекологиялық ауруханалар мен перзентханаларда 55,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе көп.

Серіктес жаңалықтары