Таяуда танымал Қыран Талапбек «Құрмет» орденін алған еді. Ол әлеуметтік желіде бұл сыйлығын әкесіне табыстайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Әкеме табыстадым”
«Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаған әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған президентке және мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. (Атын айтпасам да біледі).
«Бірден айтамын, «Бұл орденге лайықты емес екенімді мойындаймын». Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып жүрген 30 мың жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл менің емес, өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан «орден» өзінің орнын тапты. Мен үшін ең лайықты кісі. Әкеме бердім, - деген ол әкесіне «Құрмет» орденін табыстады.
Қыран Талапбек жайлы
Қыран Талапбек елге белгілі мобилограф, режиссер, Kyran Films компаниясының негізін салушы. Сонымен қатар, ол әлемге белгілі Lexus, Toyota, Yokohama компанияларымен жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымына деректі фильмдер түсіреді.